
Ауыл мектебі – үлкен мүмкіндіктер алаңы!
Ақсуат ауданы білім бөлімінің «Қ. Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ білім мен тәрбиенің сапасын арттыруда табысты нәтижелерге қол жеткізуде.
40 жыл педагогикалық еңбек өтілі бар математика пәні мұғалімі, екінші санатты басшы Ожаева Ардақ Сайлауовна басқарып отырған мектеп ұжымында соңғы 5 жыл ішінде мектепті бітірген 70 түлектің ішінен 21-і – «Алтын белгімен» аяқтап, барлығы дерлік еліміздегі табысты жоғары оқу орындарының грант иегері атанды.
Осы мектептің түлектері Сарқытбекова Аяжан 2023 жылы – 133 балл, Кәдірбеков Бекзат 2025 жылы – 135 балл алып, Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша облыс көлемінде жоғары нәтиже көрсетті.
Аталмыш оқу орны 2024 жылы «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсына қатысып, облыс әкімінің 10 000 000 теңге грантын ұтып алды.
Айта кетсек, биылғы оқу жылында «Алтын белгіге» үміткер саны – 6.
Мектеп директорының кәсібилігі мен басқарушылық белсенділігі – мектеп дамуының негізі.
Ауыл мектебі – сапа мен серпілістің айғағы!


