Меню KDT

Басты бет

poster

ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРДЕ «АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

Бағдарламаны жүзеге асырып отырған оқу орындары қатарында:
«Семей лингвистика-мектеп гимназиясы» ЖШС, «Жас Абай», «Abai IT School» ЖШС, «Bright Futures School» ЖШС, «Қазақстан инновациялық академия жоғары колледжі» ЖШС, «Innoverse semey» ЖШС және «Shakarim High School» бар.

Зерделеу барысында:

Тәрбие жұмысының бірыңғай стандартпен жүргізілуі;

Барлық оқушылар үшін тең орта қалыптастыру;

Ұлттық құндылықтарды бейнелейтін визуалды брендбук қолданылуы қарастырылды.

Бағдарлама аясында «Тәуелсіздік және отаншылдық», «Бірлік және ынтымақ», «Әділдік және жауапкершілік», «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік», «Жасампаздық және жаңашылдық» сияқты бағыттар оқушылардың жас ерекшелігіне сай пәндер арқылы жүзеге асырылуда.

Тәрбиелік жаңа форматтар енгізілді:
«Өнегелі 15 минут», күй әуенімен қоңырау соғу, ұлттық ойындарды жаңғырту және келесі алты жоба жүзеге асуда:
«Қамқор» – экология және волонтерлік,
«Еңбегі адал – жас өрен» – еңбекке баулу,
«Smart Bala» – IT және инновация,
«Шабыт» – өнер мен мәдениет,
«Ұшқыр ой алаңы» – пікірсайыс пен зияткерлік даму,
«Балалар кітапханасы» – оқу мәдениетін дамыту.

Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған жобалар жүзеге асырылуда:
«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам», «Буллингтен қорған!», «Қауіпсіз қоғам».

Ата-аналармен өзара серіктестікті күшейту мақсатында «Толық адам» іліміне негізделген «Өнеге. Тәлім. Тәрбие», «10 кітап – бір мақсат», «Қыздар тәрбиесі: дәстүр және заманауи үдерістер» жобаларымен үйлестіру жолдары талқыланды.

Қорытындысында педагогикалық қауым Мемлекет басшысы атап көрсеткен «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» қағидасына сай бағдарламаны жүйелі жүзеге асыру – басты міндет екенін атап өтті.




Галерея







Видеогалереясы