Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес ZOOM платформасы арқылы аудандық және қалалық білім бөлімдері әдіскерлерінің, сондай-ақ әр бөлім жанында құрылған облыстық мобильдік топ мүшелерінің қатысуымен кезекті есептік тыңдалым ұйымдастырылып, өткізілді.
Айта кетсек, Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту моделінің №37 тармағын іске асыру мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін ғылыми негіздеу және әдістемелік қолдау жұмыстарын жетілдіру үшін өңірлерде 20 мобильдік топ құрылып, белсенді жұмыс істеуде.
Құрамында 122 педагог бар бұл топтар
— мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне педагогикалық сүйемелдеу,
— әдістемелік қолдау көрсету,
— іс-шаралар ұйымдастыру,
— және педагогтердің сұрақтарына жедел мобильді көмек беру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Осындай кәсіби бірлестіктердің арқасында облысымызда мектепке дейінгі білім беру сапасы артып, педагогтердің біліктілігі жаңа деңгейге көтерілуіне жағдай жасалуда!