Меню KDT

Басты бет

poster

«Өнеріміз саған – Қазақстан!» республикалық фестивальдің облыстық кезеңі өз мәресіне жетті!

Облыстық кезеңге 6 ауданнан 15 өтінім түсіп, қатысушылардың бейнематериалдары қазылар алқасымен бағаланды. 

Фестивальге балабақшалардың ортаңғы, ересек, мектепалды даярлық топтары және мектептердің мектепалды сыныптарының балалары қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен жүлделі номинация иегерлері:

№1 «Үздік би композициясы» 

Аягөз ауданы, №5 мектеп, Өміртаева Раяна, биі «Бипыл»
Автор: А.Қалаубаева, педагог: Жумагулова К.С.

№2 «Үздік орындаушы» (ән айту) 

Семей қаласы, «№4 Балдәурен» бөбекжайы, ән «Аспаптар әні»
Педагогтер: Кемерханова А.К., Джумагулова А.С., Оразаева А.М.

Аягөз қалалық №6 бөбекжай-балабақшасы, Аманбек Айлин Аянқызы
Ән: «Оқып, біліп үйренеміз», педагог: Усенова А.С.

№3 «Үздік мәнерлеп оқу» 

Аягөз қалалық №9 бастауыш мектебі, Төлеуғазин Жігер Елдосұлы
Өлең: «Туған жер, Қазақстан» (авт. Жолдас Н.А.)
Педагог: Аманжолова А.А.

№4 «Шебер орындаушы» (музыка аспаптарында ойнау) 

Семей қаласы, «№4 Балдәурен» бөбекжайы
Күй: «Ерке сылқым» (Ә.Желдібаев)
Педагогтер: Кемерханова А.К., Джумагулова А.С., Оразаева А.М.

Барлық жүлделі жұмыстар республикалық кезеңге жолданды!
Қатысушылар Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ дипломдарымен және сертификаттармен марапатталды. 

Балалардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырған барлық ұстаздарға алғыс білдіреміз! «Өнеріміз саған – Қазақстан!» — болашағымыздың өнерлі ұрпағына шабыт сыйлаған мерейлі сәт!



Галерея







Видеогалереясы