
Облыстық әдістемелік вебинар: «Көптілді ортада орыс тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи тәсілдері»
Мақсаты:
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, көптілділік жағдайында орыс тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи тәсілдерін талқылау.
Іс-шара барысында Абай, Ақсуат аудандары мен Семей қаласының спикерлері тың әрі мазмұнды баяндамалар жасады.
Олар авторлық әдістемелер, оқу мен тіл сауаттылығын дамыту технологиялары, сондай-ақ жасанды интеллектіні оқыту процесіне енгізу мысалдарын – мәтіндерді талдаудан бастап интерактивті тапсырмалар мен цифрлық ассистенттерді қолдануға дейін ұсынды.
Вебинар модераторлары:
– Нұрқубаева Ақмарал Қасымқызы, ОИӘО әдіскері
– Житбисбаев Рустам Николаевич, облыстық орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қауымдастығының төрағасы
– Абай және Ақсуат аудандары орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қауымдастықтарының төрағалары
Қатысушылар вебинар кәсіби өсуге арналған алаң болғанын, практикалық жұмысқа жаңа идеялар беріп, алға ұмтылуға ынталандырғанын атап өтті.
Барлық қатысушыларға белсенділік, шабыт және уақыт талабымен ілесу талпынысы үшін алғыс білдіреміз!


