Меню KDT

Басты бет

poster

«АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Іс-шараға Шәкәрім атындағы университет ректоры Д. Орынбеков, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы З. Тоқаев, айтыскер ақын Д. Омарбаева, ақын, жазушы М. Қарт, А.Бөкейхан университетінің оқытушысы, ғалым А. Қапанов, сондай-ақ білім басқармасы өкілдері А. Абдухамитов, А. Нуркубаева, мектеп оқушылары мен педагогтер қатысты.

Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-танымдық және қоғамдық-ақпараттық «Абай тағылымы» журналының бас редакторы Раушан Қабжанқызы Нұғманбекова журнал мазмұнының ерекшелігін атап өтті.
Оның айтуынша, басылымда Абай Құнанбайұлының «Толық адам» ілімі, оның ғылыми және педагогикалық көзқарастары кеңінен қарастырылған.

Іс-шара барысында қатысушылар журнал ұжымына шығармашылық табыс тілеп, болашақта «Абай тағылымы» журналы жалпы қазақ руханиятының қайнар көзіне айналатынына сенім білдірді.

Шарада Абай өлеңдері оқылып, қатысушылар ерекше рухани әсер алды.
Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің №KZ88VPY00079149 куәлігімен тіркеліп, 2023 жылдан бастап жарық көруде.

«Абай тағылымы» — ұлт руханиятына серпін беретін, ұстаздар мен оқырмандарды бір арнаға тоғыстырған құнды басылым!



Галерея







Видеогалереясы