Меню KDT

Басты бет

poster

«Шабыт» жобасы аясында еңбекке баулу тәжірибелері таратылды

Ұлттық мәдениет көрмесі арқылы білім алушылардың бойына құндылықтарды сіңіру бағытында облыстың көркем еңбек пәні мұғалімдері бас қосты.

Мақсат – оқушылардың ұлттық сана-сезімін, рухани-мәдени көзқарасын, патриоттық сезімін қалыптастыру.
Ұлттық мәдениет көрмесіне шәкірттерді тарту арқылы:
• ата-баба аманатын қастерлеу,
• рухани құндылықтарды бағалау,
• тарихты тану дағдыларын дамыту мәселелері талқыланып, тәжірибелер таратылды.

Педагогтердің пікірінше, ұлттық мәдениет көрмесіне баулу – жай көрнекілік емес. Ол арқылы оқушылардың жүрегіне қазақы рух сіңіп, құндылықтар әлемін тануға жол ашылады. Бұл — тәрбиенің тірегі, рухтың негізі.

«Шабыт» жобасы аясындағы бұл жұмыс ұстаздар қауымына тәжірибе алмасуға және оқушыларға рухани тәрбие берудің жаңа жолдарын іздеуге мүмкіндік берді.



Галерея







Видеогалереясы