Меню KDT

Басты бет

poster

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

2025 жылғы 19 қыркүйек күні Көкпекті ауданында өткен «Білім берудегі өзгерістер» тақырыбындағы іс-шара аясында облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың инклюзивті білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы орта және арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері мен арнайы мамандарына арналған «Инклюзивті білім беру: табысты тәжірибелер мен тиімді әдістердің нәтижелері» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті.

Семинардың мақсаты – педагогтердің инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеуге арналған теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын дамыту.

Шара барысында:
• Инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Г. Увалиева нормативтік-құқықтық құжаттардағы жаңартулармен таныстырып, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетті.
• Семей қаласындағы №42 жалпы орта мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі Темірбекова Индира Берікқызы және математика пәні мұғалімі Нұрхасымова Арай Ерхасымқызы ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудегі тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылар бейімделген және арнайы оқу бағдарламаларын құру, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану бағытында құнды тәжірибе жинақтады.

Бұл семинар-тренинг педагогтер мен мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балалардың сапалы білім алуына жағдай жасауға бағытталған маңызды шара болды.



Галерея







Видеогалереясы