Меню KDT

Басты бет

poster

Абай облысында облыстық тренинг өтті

2025 жылғы 19 қыркүйекте Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес Көкпекті ауданының мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарларына арналған «Басқару және көшбасшылық: көшбасшылық негіздері» облыстық тренингі ұйымдастырылды.

Шара барысында «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» КММ директоры Кунанбаева Асем Муслимгазыевна «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы аясындағы білімін бөлісіп, заманауи көшбасшының негізгі құзыреттерін және басқарушылық шешім қабылдау машықтарын тәжірибелік жаттығулар арқылы көрсетті.

Қатысушылар:
5 деңгейлі мінсіз көшбасшылық
Эмоционалды интеллект
Көшбасшы мінезі мен стильдері
Психологиялық, әлеуметтік, физикалық мәселелерге дұрыс әрекет ету
тақырыптарында пікір алмасып, өзара түсіністік пен сенімге негізделген байланыс орнатты.

Бұл тренинг басшылар мен орынбасарлардың кәсіби дамуына серпін беріп, білім беру ұйымдарындағы тиімді басқару жүйесін қалыптастыруға үлес қосты.



Галерея







Видеогалереясы