Меню KDT

Басты бет

poster

Абай облысында «Білім берудегі өзгерістер» атты көшпелі семинар-тренинг бастау алды

2025 жылғы 19 қыркүйекте Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес Көкпекті ауданының мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерімен облыстық семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингтің мақсаты – білім беру саласындағы жаңашылдықтар мен өзгерістерді талдау, педагогтер мен басшылардың кәсіби көзқарасын жаңғырту, мектеп тәжірибесіне тиімді басқару, оқыту және бағалау стратегияларын енгізуге ықпал ету.

«Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ директоры Айнұр Серғалиқызы өз сөзінде:
білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер – жай ғана жаңарту емес,
ол – сапалы мазмұнға, тиімді басқаруға, жауапты көшбасшылыққа бағытталған үлкен трансформация екенін атап өтті.

Практикалық алаңдарда Семей қаласы мен Абай, Жарма, Көкпекті аудандарынан келген спикерлер өздерінің теориялық білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды.

Семинар-тренинг:
мектеп директорлары мен орынбасарлары,
инклюзивті білім беру сыныптарының мұғалімдері мен арнайы мамандар,
мектепке дейінгі және бастауыш білім беру педагогтерінің кәсіби дамуына серпін берді.

Іс-шара барысында табысты кейстер талқыланып, кәсіби пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды.



Галерея







Видеогалереясы