Меню KDT

Басты бет

poster

2025 жылдың 8 қазаны күні «Абай облысының білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес «Бейімделу жағдайындағы бірінші сынып оқушыларының оқу ынтасы мен эмоцианалды тәжірибесінің ерекшеліктері» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты:
Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу кезеңіндегі оқу мотивациясы мен эмоциялық жағдайын зерттеу, педагогтерге қолдау көрсету және тиімді тәжірибелермен бөлісу.

Іс-шараға облыстың бастауыш сынып мұғалімдері мен орталық мамандары қатысты.

Семинардың алғы сөзінде орталықтың мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш білім беру бөлімінің әдіскері Дүйсенова Шынар Сайдашқызы:

«Бірінші сынып – баланың өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл уақытта оқушы жаңа ортаға, жаңа тәртіпке, жаңа талаптарға бейімделеді. Қуаныш, қорқыныш, қызығушылық, қобалжу – осы сезімдердің барлығы баланың оқу ынтасына әсер етеді», – деп атап өтті.

Тәжірибемен бөліскендер:
• Ходырева Наталья Анатольевна – Бородулиха ауданы Жезкент кенті мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі;
• Амангелді Сая Ержанқызы – Аягөз қаласының Қалалық қазақ мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі.

Олар оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктері, эмоциялық тұрақтылығы және оқу мотивациясын арттыру жолдары бойынша тәжірибелерімен бөлісті. 💬

Мұғалімдердің пікірінше, баланың мектепке тез бейімделуі үшін ең алдымен жылы қарым-қатынас, қолдау және түсіністік қажет.
Оқушы өзін қауіпсіз сезінген ортада ғана белсенді оқуға ынталы болады.

Кері байланыс кезінде қатысушылар семинардың маңыздылығын атап өтіп, ұсынылған әдістерді тәжірибеде қолдануға дайын екендерін жеткізді.
Сонымен қатар, бастауыш сынып мұғалімдері баланың эмоциялық жағдайын бақылау үшін қосымша құралдар енгізу қажеттілігін ұсынды.

Семинар педагогтердің кәсіби тәжірибесін байытып, бірінші сынып оқушыларымен жұмыс барысында жаңа көзқарас қалыптастырды.



Галерея







Видеогалереясы