Меню KDT

Басты бет

poster

«МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ҰСТАЗЫМ!» экологиялық челленджі

Мұғалімдер күні мерекесі қарсаңында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Мен және менің ұстазым!» атты экологиялық челлендждің басталғанын хабарлады.

Бұл игі бастама Абай облысының қосымша білім беру ұйымдарының арасында да өткізілді.
Челлендждің мақсаты – ұстаздарға деген құрмет пен алғысты білдіру, сондай-ақ бірыңғай «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында экологиялық мәдениетті арттыру.

Челленджге білім алушылар өз ұстазымен бірге оқу орнының аумағында ағаш отырғызды. Әрбір отырғызылған көшет – Ұстазға деген алғыстың символы!

Экологиялық челлендж нәтижесінде:
🔹 оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытудағы ұстаздың рөлі көрсетілді;
🔹 ұстаздың әр оқушыға жанашыр, дос әрі ақылшы екендігі айқындалды;
🔹 ұстаз еңбегін құрметтеу, сыйластық қарым-қатынастарды дамыту құндылықтары дәріптелді.

 «Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге!»



Галерея







Видеогалереясы