Құрметті Абай облысының ұлағат иелері, ардақты ата-аналар!
Республика көлемінде өткен «Адал азамат» бағдарламасына арналған брифингте оның жаңа қырлары талқыланып, толық ақпарат берілді.
Бұл бағдарлама – жай құжат емес, еліміздің болашағын айқындайтын құндылықтық бағдар. «Адал азамат» – әділдікті ту еткен, бірлікті дәріптеген, еңбексүйгіш әрі шығармашыл ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етеді.
Мектеп – тек білім ордасы ғана емес, құндылықтар мекені. Әр сабақта, әр іс-шарада, ата-ана мен ұстаздың ортақ жауапкершілігінде адалдық пен әділеттілік дәні себіледі.
Абай елінің педагогтері бағдарламаны іске асыруда зор жауапкершілікпен еңбек етіп, жас ұрпақтың жүрегіне «Адал азамат» рухын сіңіреді деп сенеміз.
Ертеңгі Қазақстан – әділетті, мықты, рухани кемел мемлекет!