Меню KDT

Басты бет

poster

📚 «Абай облысының білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес 2025 жылғы 10 қыркүйекте «Адал азамат «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – «Отбасы – бақыт бесігі» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізілді.

 Семинар мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ананың тәрбиедегі рөлін күшейту, бала мен ата-ана арасындағы өзара құрмет пен сенімді қалыптастыру арқылы саналы, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу.

Ш. С. Дүйсенова ата-ананың тәрбиедегі белсенді қатысуының маңызын атап өтті.
Чурбакова Е. В. – «Баланс традиционных и цифровых методов обучения в начальной школе»
Турдыбаева К. Ж. – «Отбасы – адалдық пен бақыттың алтын ұясы» тақырыптарында тәжірибе бөлісті.

 Маңызды тұжырымдар:
• Отбасы – тәрбие мен мәдениеттің алғашқы мектебі
• Ата-ана – баланың өмірлік бағдаршамы
• Сенім мен құрмет – тәрбиенің іргетасы
• Біртұтас бағдарлама – ұлттық тәрбие жүйесін жүйелеудің тиімді жолы

Семинар соңында қатысушылар отбасы тәрбиесінің рухани және әлеуметтік дамудағы рөлі зор екенін атап өтіп, пікір алмасты.



Галерея







Видеогалереясы