Меню KDT

Басты бет

poster

Абай облысы білім басқармасының “Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы” КММ ұйымдастыруымен облыстық мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтеріне Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Балаларды ерте дамыту институтының” мамандарымен бірлесіп, 2025-2026 оқу жылында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту процесін ұйымдастыру туралы 🧒👧 190 нүктеден 878 педагогке түсіндірме жұмысы өткізілді.


👩‍🏫 Түсіндіру жұмысына Абай облысының қалалық, аудандық әдістемелік орталықтарының әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мен педагогтері қатысты.

📑 Мектепке дейінгі білім мазмұны департаментінің басшысы Г. Мукушева және институт мамандары жаңа оқу жылының ерекшеліктеріне тоқталып, нормативтік құқықтық құжаттар талаптарын басшылыққа алу 📝, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экологиялық мәдениетті , құқықтық ⚖️ және қаржылық сауаттылықты қалыптастыру, ата-аналармен жұмысты жүйелеу 👨‍👩‍👧 бағытында ұсыныстар берді.

✨ Облыстық әдістемелік орталығының тәрбие секторы басшысы А. Абдухамитов, Семей қаласы білім бөлімінің №1 “Арман” бөбекжайының әдіскері А. Кодашева “Адал азамат” бағдарламасының құндылықтары 🙌, әлеуметтік жобалардың және кешендік жоспарының маңызын атап өтті.

🎤 Түсіндірме жұмысының модераторы – мектепке дейінгі, мектепалды даярлық, бастауыш бөлім басшысы А. Жумагулова педагогтерге жаңа оқу жылында сапалы және нәтижелі жетістіктерге жетуіне ұсыныстарын берді.

🤝 Педагогтер соңында сұрақ қойып, интерактивті түрде жауап алды.



Галерея







Видеогалереясы