Павлодар қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында маңызды төртжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
2025 жылғы 18 наурызда Павлодар қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында маңызды төртжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум «IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі» КМҚК, «Қазақтелеком» АҚ, «Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ және ШЖҚ КМК «Электроника және коммуникациялар жоғары колледжі» арасында жасалды. Меморандумның мақсаты – ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар саласындағы білім беру бағдарламаларын дамыту, сондай-ақ өңірдегі студенттер мен оқытушылардың даярлау сапасын арттыру.
Сапар барысында колледжіміздің өкілдері ШЖҚ КМК «Электроника және коммуникациялар жоғары колледжінің» материалдық-техникалық базасымен және «Қазақтелеком» АҚ-ның өндірістік тәжірибе базасымен танысты. Бұл қазіргі заманғы оқу зертханалары мен оқу үдерісінде белсенді пайдаланылатын жабдықтарды бағалауға, өзара сенімді нығайтуға және табысты әрі нәтижелі ынтымақтастықтың берік негізін қалауға мүмкіндік берді.
ТжКБ-ны трансформациялау жөніндегі Жол картасын іске асыру мақсатында қол қойылған меморандум білім беру ұйымдары мен салалық компаниялар арасындағы байланысты нығайтудың маңызды қадамы болып табылады және білім беру үдерісін еңбек нарығының нақты қажеттіліктерімен ұштастыруға ықпал етеді. Тараптар ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар саласындағы мамандар даярлығын жетілдіруге, сондай-ақ жаңа білім беру технологияларын енгізуге бағытталған бірқатар бірлескен бастамаларды іске асыру туралы келісімге келді.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
Білім беру бағдарламалары мен курстарды дамыту:
Меморандум аясында ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және цифрлық коммуникациялар саласында мамандар даярлауға бағытталған жаңа оқу курстары, тренингтер мен шеберлік сыныптарын әзірлеу және енгізу көзделіп отыр.
Студенттердің практикалық даярлығы:
Екі колледждің студенттері «Қазақтелеком» АҚ-да тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады, бұл оларға Қазақстандағы жетекші телекоммуникациялық компанияда жұмыс істеудің практикалық тәжірибесін алуға жол ашады.
Білім берудегі инновациялық әзірлемелер:
Тараптар оқу үдерісіне жаңа технологиялар мен тәсілдерді енгізу бағытында жұмыс істейтін болады, бұл студенттерге заманауи еңбек нарығы талаптарына сай білім алуға мүмкіндік береді.
Академиялық ұтқырлық:
Меморандумның маңызды бөлігі – академиялық ұтқырлықты дамыту. Бұл колледждер арасындағы студенттер мен оқытушылар алмасуын қамтиды, соның арқасында білім беру үдерісінің көкжиегі кеңейіп, үздік тәжірибелер енгізіледі.
Оқытушылардың тағылымдамалары:
Меморандум аясында оқытушылардың біліктілігін арттыру, жаңа оқыту әдістемелерін меңгеру және IT мен телекоммуникация саласындағы озық технологиялармен танысу мақсатында тағылымдамалар қарастырылған.
Ынтымақтастықтың нәтижесі:
Меморандумға қол қою ТжКБ-ны трансформациялау жөніндегі Жол картасын іске асыру және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында маңызды кезең болмақ. Күтілетін нәтиже – білім беру стандарттарының сапасын арттыру, мамандар даярлығын жақсарту және оқытудың инновациялық әдістерін енгізу.
Аталған әріптестік студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, оларға озық білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуге жол береді. Бұл түлектердің цифрлық экономика мен қазіргі еңбек нарығының талаптарына дайын болуына септігін тигізеді.